Қазақстандық 4 боксшы қыз әлем чемпионатының финалына шықты

48 келіге дейінгі салмақ санатындағы әлем чемпионы Назым Қазыбай жартылай финалда КХДР өкілі Янг Гум Ю-ды жеңді. Енді ол бүгін ақтық сында  қытайлық Янь Вангпен кездеседі. 

54 келіге дейінгі салмақта  Дина Жоламан жартылай финалда қытайлық Лю Пяопяодан басым түсті.  Әлем чемпионатының финалында  болгариялық спортшымен жұдырықтасады. 

Валентина Хальзованы ақтық сында  қытайлық былғары қолғап шебері Хонг Гю күтіп тұр.


Ал аса ауыр салмақтағы Ляззат Күнгейбаева кеше аса қиын кездесуде Ванг Шижинді ұттты.  Бүгін ол америкалық спортшымен қолғап түйістіреді