Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Физика пәнінен 22-Азия олимпиадасында (APhO) қазақстандық 8 оқушы жүлделі орындарға бақ сынап жатыр.
Ұлттық құрамада Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Атырау және Ақтөбе қалаларының 10-11-сынып оқушылары бар. Олардың барлығы - физикадан республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері.
Биыл зияткерлік сайыстар 24-31 мамыр аралығында онлайн форматта өтеді. Құрлықтық халықаралық олимпиадаға әлемнің 20-дан астам елінің өкілі қатысады. Оның ішінде Бангладеш, Камбоджа, Қытай, Үндістан, Индонезия, Израиль, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Түркия, Таиланд, Тайвань, Вьетнам сияқты елдер бар.
«Қазақстандық мектеп оқушылары жыл сайын физикадан Азия олимпиадасына қатысады. Бұл мектеп оқушылары үшін өз білімін әлемдік деңгейде көрсетуге және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы үздік елдердің көшбасшыларымен бәсекеге түсуге таптырмас мүмкіндік. Былтыр бұл олимпиада онлайн өтіп, жерлестеріміз жақсы нәтиже көрсетті. 2021 жылы ұлттық құрама 1 алтын, 3 қола медаль жеңіп алды. Биылғы нәтиже бұдан да жақсы болады деп сенеміз», - деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешев.
Физика бойынша Азия олимпиадасындағы жеңіс балаларға ұлттық құрамаға кіруге және халықаралық математикалық олимпиадада (IMO) Қазақстан атынан шығуға мүмкіндік береді.