Қазақстандық А.Голубев ресейлік М.Южныйды бес партияда жеңіп кетті

Аталмыш біріншіліктен жедел хабарлар беріп отыратын championat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, А.Голубев пен М.Южныйдың арасындағы кездесу 7:5, 6:7, 6:4, 4:6, 6:3 есебімен Андрейдің пайдасына шешілген. Әлемдік рейтингте М.Южный 35-орында болса, А.Голубев 98-орында тұр. Оның үстіне қазақстандық теннисші іріктеу сындарынан жеңіп шығып, негізгі турнирге қосылған болатын.

А.Голубев екінші айналымда рейтингте 18-орында тұрған Франция елінің өкілі Ришар Гаскемен кортқа шығады.