Caravan Logo

Қазақстандық әйел Ресейдегі президент сайлауына қатыспақ

Қазақстандық әйел Ресейдегі президент сайлауына қатыспақ

Енді міне екінші әйел адам да Ресей президенті болудан үмітті екенін айтып отыр.

“Достар, басқа жол жоқ. Мен президенттікке өз кандидатурамды ұсынамын. Қолдаңыздар”, – деп жазды Тараз тумасы Эльвира Агурбаш желідегі парақшасында.

Бизнес саласында еңбектеніп, көпке танылған қазақстандық Эльвира Қалметқызы өзін тек шағын және орта бизнес өкілдері ғана емес, өзге де азаматтардың қолдайтынына сенімді.