Қазақстандық Алексей Полторанин «Тур де Ски» кезеңін жеңіп алды

5 шақырымға созылған спринттік сайыста ол 12 минут, 37,9 секунд көрсеткішпен мәреге бірінші болып келді. Жерлесімізден 8 секунд кешігіп жеткен норвегиялық Петтер Нортуг екінші болса, үздік үштікке Швейцариядан келген Дарио Колонья енді.

Алексей Тоблахтағы бүгінгі жеңісінен соң жалпы есепте 6-ншы орынға көтерілді.

Ал әйелдер арасындағы жарыста қазақстандық Марина Матросова 5-інші кезеңде 39-ыншы болып келсе, Виктория Ланчакова 43-інші, Елена Коломина 44-інші, Оксана Яцкая 46-ншы, Татьяна Осипова 51-інші болып мәре сызығын кесті.