Қазақстандық альпинист Денис Урубко сегіз мың метрлік Макалу шыңына қыста өрмелеп шықпақшы

Агенттік ақпаратына сәйкес, Қазақстандық альпинист Денис Урубко мен Италия азасаты Симонэ Моро Намче Базарға келді. Бұл ауыл Эверестке баратын жолда орналасқан. Спортшылар қыс маусымында Гималайдың сегіз мың метрлік Макалу шыңына өрмелеп шықпақ ниетте. Алып таудың дәл осы ауданында альпинистер күн райы ахуалына бейімделмекші. Бұдан кейін Кхумбу мұздағынан биіктігі жағынан бесінші орындағы Макалу шыңының аймағына ұшып барады.