Кездесу 14 маусымда Бас консульдықта өтті, онда альпинистке ескерткіш кәдесыйлар тапсырылды.
Қазақстандық көрнекті спортшымен және аңызға айналған альпинист Валерий Хрищатыйдың балаларымен кездесуге көптеген жастар қатысты. Жиналғандарды қиыншылықтарға қарамастан альпинистерді жаңа шыңдарды бағындыру, сондай-ақа жаң асуларға әзірлік тәсілдері қызықтырды.
Мақсот Жұмаев өзінің романтиктер санатынан екенін жасырмады. Ол сондай-ақ таулар қателікті кешірмейтінін атап өтті, сондықтан да шыңға өрмелеу мұқият әзірлікті талап етеді.
Қалыптасқан дәстүрге сай кездесу жанкүйерлермен бірге суретке түсуге және қолтаңбалар таратуға жалғасты.
«Қазақстандықтардың АҚШ-та осындай жетістіктерге жетуі және жаңа биіктерді бағындыруы біздің отанымыздың ойдағыдай дамуының және қазақстан-американ ынтымақтастықғының символы іспетті. Атап айтқанда, бұл табыс АҚШ-тағы бірқатар жобаларды бастап берді, олардың арасында АҚШ-та Қазақстанның үлкен музыка ұжымдарының концерті өтуі күтіліп отыр. Алғашқы өнер мерекесі жақында - 30 маусымда өтпек. Біздің өнер шеберлеріміз атақты Карнеги холл сахнасында ән шырқайды. Сондықтан да жаңа табыстар мен жаңа кездесулерді асыға күтудеміз», - деп жоспарларымен бөлісті Қазақстан Респбуликасының Нью-Йорктегі бас консулы Раушан Есболатова.