Қазақстандық альпинистер әлемдік тұғырнаманың жоғарғы сатыларына нық орнықты

Д.Урубко өзінің әріптесі Борис Дедешкомен бірге 2009 жылдың қорытындысы бойынша Францияда альпинизм әлеміндегі ең жоғары марапат - «Алтын мұзжарғыш» жүлдесіне ие болғандығын жеткізді. Бұл сыйлықты олар Гималайдағы Чо-Ойю (8201 метр) шыңын жаңа бағыт бойынша - оңтүстік-шығыс жотасынан бағындырғандары үшін алған.

«Бұл сыйлыққа Қазақстан бірінші рет қол жеткізіп отыр, бұрын бұл марапатты ресейліктер иеленіп келген болатын. Осы жолы американдық, британдық және екі Ресей командаларын артқа қалдырып, үлкен дәрежеге қол жеткіздік. Бұл біздің бұрыннан аңсап келген арманымыз еді», дейді альпинистер.