Ол Instagram парақшасында беті ісіген суретті жариялады.
Заринаның айтуынша, бұл оқиға бір жыл бұрын орын алған. Ал жайсыз оқиға туралы ол оқырмандарына көшеде абай болуды ескерту үшін жазғанын айтады. - деп хабарлайды Caravan.kz
"Қорықпаңыздар. Рингте мен ешқашан бұлай таяқ жемегенмін. (бұл бір жыл бұрын болған). Бірде тәтті жегім келіп, дүкенге шықтым. Жаңбыр жауып тұрған. Басымды көтерместен телефонға қарап кетіп бара жаттым. Бір рет көзімді көтергенде қарсы келе жатқан ер адамды байқағанмын, тағы басымды төмен сала бергенімде соққыдан құлап қалдым. Бар күшімді жиып қарсы тұрмақ болдым, бірақ ол бірнеше ғана секунд болған.
Ол телефонды да, ақшаны да алмай қашып кетті... Сонда не үшін істеген?!
Мұндайға бару үшін қандай жағдайда болу керек?! Көп нәрсе айтуға болады, бірақ барлығына абай болыңыздар дегім келеді, - дейді Цолоева.