Бұл туралы «Жас Отан» жастар қанатының Астана филиалынан хабарлады.
Фархад елорда «Жас Отан» филиалының белсендісі. «Фархадтың жоғары таланты мен кәсіби шеберлігін байқаған конкурстың директоры Лев Воловик оның «Гори, гори моя звезда» ежелгі орыс романсын орындап беруін сұраған. Фархад бір сахнада танымал скрипкашы Даниил Шиндаревпен бірге өнер көрсету құрметіне ие болды», - деп хабарлады «Жас Отан».