Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бесікарбада жатқан баланы жергілікті тұрғын Сельма Мейдан тауып алған. Әйел бірден шұғыл көмек қызметіне хабарласқан. Бала ауруханаға жеткізілген.
Басылым мәліметінше, полиция баланың әкесін тапқан. Ол Түркияның 33 жастағы азаматы екен. Полицияға ер адам әйелінің ұлын не үшін тастап кеткенін білмейтінін айтты. Сондай-ақ ол прокуратура баланың анасының үстінен шағым қалдырған. Анасы - Қазақстан азаматы. Бала әкесіне табысталған.