Іс-шара барысында ардагерлер, тарихшылар мен сарапшылар Сталинград шайқасының белгісіз тұстарын ашып, Ұлы Отан соғысындағы осы шешуші майданның тарихи маңыздылығын жан-жақты талқыға салды. Бейнекөпірге қатысқан ардагерлер Қари Әбітов және Михаил Перегородов Мәскеу мен Тбилиси қалаларындағы майдандас достарымен сұхбаттасып, сонау зұлмат шайқасты тағы бір мәрте еске алды.
Айта кетейік, 1943 жылы ақпанның 2-сі күні Сталинград шайқасында Кеңес әскерлері неміс-фашистерді талқандаған еді. Ертең, осы тарихи оқиғаның өткеніне 68 жыл болады.