Қазақстандық артист алғашқы Бейжің халықаралық балет және хореография конкурсына қатысады

Қытай Үлкен ұлттық театры директорының орынбасары Дэн Ицзянның айтуынша, байқау талантты балет әрістері мен хореографтарды танып, мадақтауға және өнер саласында халықаралық байланыс орнатуға бағытталған.

Байқауға Қазақстан атынан бір ғана әртіс - Ерлан Андағұлов қатысатынын айта кету керек. Қазақстандағы балет саласына тоқталған халықаралық сарапшылар ерлер мектебін атай кетті.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші Бейжің халықаралық байқауын Қытай Халық Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен 7 шілде және 17 шілде күндері Қытай үлкен ұлттық театры өткізуде.

Байқау лауреаттары мен оған қатысқандар 16-17 шілде күндері болатын гала-концертке қатысады.