Қазақстандық әскерилердің Иракқа жіберілуі ҚР мен араб мемлекеттері арасындағы қарым-қатынасқа нұқсан келтірмейді - Қ.Тоқаев

Ол "халықты жаппай қырып жоюға арналған қарудың жоқтығын алға тартқан Қазақстан Иракқа қарсы коалицияға біріккен жоқ" деп атап өтті. "Ирактағы ұрыс қимылдары аяқталғаннан кейін Қазақстан бұл елге таза қайырымдылық мақсатпен саперлер батальонын жіберген",- деді Қ.Тоқаев.

Оның айтуынша, қазақстандық саперлер осы мерзімде 1 миллионнан астам оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды жою арқылы "Ирактың бейбіт тұрғындарының өмірін сақтап қалуға үлес қосты".