Қазақстандық Асқар Үмбетов Қытайда жекпе-жек ұрысында жеңімпаз атанды

Бұл туралы   Instagram-да Alem Fighters клубының парақшасында хабарланған.

«Құттықтаймыз! Біздің палуан Асқар үшінші раундтың 3-ші минутында қарсыласын сұлатып салды», - делінген таратылған хабарламада.

Асқар Үмбетов шотакан-каратеден Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, самбодан, джиу-джитсу және панкратионнан ҚР чемпионы.