Қазақстандық «Астана» командасы екінші рет «Дакар раллиіне аттанады

«Біз тәжірибелі бола түстік. Былтырғы Дакардан кейін 3 жарысты өткердік, және біз шапшаңырақ жүре алатымызды білеміз, бірақ ол орасан зор тәуекел», - деді ол сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

«Біз бірден 3-4 автомобиль қоятын зауыттың командасы емеспіз. Оның үстіне олардың артында автомобиль-донор келе жатады. Егер жолда автокөлікке бірнәрсе болса, донор келіп қажет бөлшекті алмастырып, көлік мәреге тарта береді. Біз ешқандай доросыз жүреміз, сондықтан көшбасындағылардың қарқынын ұстай алмаймыз, бір жіберген қателіктің құны тым қымбатқа түсуі мүмкін», - деді шабандоз.

Оның айтуынша, КАМАЗ «нольден бастап» жинақталып шықты, және оның рамасы күшейтілген. Машина Дакардағы ресейлік бәсекелсінен қозғалтқышымен ғана өзгешеленеді. Ресейліктерде ярославлдік моторлар орнатылған, ал қазақстандықтарда - американдық мотор.

«Астана» командасының демеушісі болып отырған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл командада штурман ауыстырылып, Денис Березовскийдің орнына Алексей Кузьмич қатысады.

Былтыр Дакардағы қазақстандық команданың табысы жаман болған жоқ. Жалпы есепте команда 8-ші орынды жеңіп алды.

Ралли Дакар-2012 – бұл транқұрылықтық 33-ші марафон. Марафон-раллидің маршруты 9000 км. 1 қаңтарда қатысушылар Мар-дель-Платадан (Аргентина) бастау алып, Аргентина, Чили мен Перу арқылы 14 кезеңнен соң 15 қаңтарда Перу астанасы Лимада мәреге жетеді.