Қазақстандық ауған соғысының ардагерлері соғыс қимылдарына қатысушылар туралы заң қабылдауды талап етіп отыр


 «Біз бұл мәселені Ауғанстандағы соғысқа қатысқан ардагерлерге берілетін жеңілдіктер үшін көтеріп отырған жоқпыз. Бұл мемлекеттің өзіне керек заң. Шенеуніктерді осыған сендіргіміз келеді», - деп сейсенбідегі баспасөз мәслихатында Алматы әкімдігі жанындағы Ауғаг соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі төрағасы Мұрат Әбдішүкіров хабарлады.
«Біріншіден, Қазақстан вакуумде тіршілік етіп жатқан жоқ. Біздің батальондарымыз өзге елдер аумағында соғысуы мүмкін. Кез-келген соғыс шығынсыз болмайды: жауынгерлер жарақат алады, қаза табады. Олар елге оралған кезде өз халқы үшін кім болмақ? Масыл бола ма? Әлде, олар ел, үкіметтің өзі соғысқа аттандырған батыр бола ма? Ол соғыстан мүгедек болып оралды және күні 23 мың теңге зейнетақыға қарап қалады», - дейді ол.
М.Әбдішүкіровтің айтуынша, қазір ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге төленетін жәрдемақы 11 мыңға да жетпейді. «Бұл ақшаға қанша дәрі келеді? Біздің елімізде мұндай жәрдемақыға өмір сүру мүмкін емес! Сондықтан да біз осы мәселені көтеріп отырмыз. Бірінші кезекте Ауған соғысына қатысушылар туралы заң қажет. Ол кейінгілерге де қажет болады», - деп мәлімдеді ол.