Қазақстандық аяқдопшылар «Достастық кубогі» кезеңінде ақырғы ойынды ресейліктермен өткізеді

Онда «А» тобынан Беларусь пен Тәжікстан, Латвия мен Эстония, «А» тобынан Қырғызстан мен Өзбекстан, Ресей мен Қазақстан өзара күш сынасады.

Аға бапкер Сергей Боровский жетекшілік ететін Қазақстан құрамасы «В» тобында қазір 2 ойынның қорытындысы бойынша 3 ұпаймен екінші орында тұр. Ал Өзбекстан құрамасы 4 ұпаймен - бірінші, Ресей құрамасы 2 ұпаймен - үшінші, ал Қырғыз құрамасы 1 ұпаймен төртінші орында келеді. Қазақстандықтар қырғыз аяқдопшыларын 3:1 есебімен ұтып, кеше өзбекстандықтарға 0:1 болып есе жіберген еді. Ресейліктер болса өзбектермен (2:2) де қырғыздармен (0:0) де тең түскен болатын.