Олар «В» тобындағы екінші кездесуде Өзбекстан құрамасына 0:1 есебімен ұтылды. Онда аға бапкер Сергей Боровский жетекшілік еткен қазақстандықтар Асылбек Аманов қорғаған қарсыластар қақпасына бірнеше қауіпті соққы жасағанмен, оның «кілтін» аша алмады. Ал өзбекстандықтар сапынан Жәмшид Искандеровтың ойынның екінші жартысында ашқан есебі, кездесудің аяғына дейін өзгеріссіз қалды. Дегенмен, Қарағандының "Шахтерінен" шақырылған және Қырғыз құрамасымен болған алғашқы ойында үздік ойыншы атанған Сергей Ткачук өз қақпасына төнген бірнеше сәтте шеберлік танытты.
Жалпы алғашқы кездесуде Қазақстан футболшылары Қырғыз құрамасын 3:1 есебімен ұтқан болатын. Ал өзбектер жарыс қожайындарымен 2:2 есебімен тең түскен еді. Бүгін енді қырғыздар орыстармен кездеседі. Топтық кезеңнің ақтық ойынын одан кейін қырғыздар өзбектермен, ал қазақтар орыстармен өткізеді.