Қазақстандық байкер Д.Петрухин Ташкентте әріптестерімен ҮІІ қысқы Азия ойындары туралы әңгіме өткізді

Өзбекстандық БАҚ өкілдері хабарлап отырғандай, 2007 жылдан бері Д.Петрухин мен Қазақстанның кино түсіру тобы Астана мен Алматы қалаларында 2011 жылы өткізілетін ҮІІ қысқы Азия ойындарын насихаттау мақсатында Азия мен Таяу Шығыс елдерін аралап жүр. Бұл миссияның бөлінбес бөлігі - Азия құрлығының Ұлттық олимпиада комитеттері президенттерінің Азия Олимпиада Кеңесінің жалауына қол қою рәсімі өткізілді. Соңғы екі жылда қазақстандық делегация Азия мен Таяу Шығыстың көптеген елдерінде болып, Ұлттық олимпиадалық комитеттерінің өкілдерімен кездесулер өткізді.

Атап өту керек, Дмитрий Петрухин шындығында аты аңызға айналған адам. Ол 120 мың шақырымды еңсеру арқылы жалғыз өзі Қазақстан туын әлемнің 77 елі арқылы алып өтті. Осындай еңбегі үшін ол «Достық» орденімен марапатталған.