Қазақстандық балалар биыл "Артек" лагеріне демалуға бармайды

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева мәлімдеді.

«Биыл біз «Артекке» шақырту алмадық», - деп ол бүгін баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Былтыр Артекте бес бала демалып қайтқан. Шақыру бойынша онда көбінесе конкурстардың жеңімпаздары барған.

Биыл Украинадағы саяси ахуалға байланысты шақырту алмадық, деп «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының бас директоры Мұхиддин Төлепбай мәлімдеді.