Бұл әлеуметтік жобаның авторы – Лариса Инджуджян. Франция азаматшасы осы ойын жүзеге асыру үшін Қазақстанға арнайы келіпті. Оның айтуынша, кішкентай науқастар сурет салу арқылы ауруларын ұмытады. Сонымен қатар олар қағаз бетіне ішкі сезімдері мен арман-қиялдарын түсіреді. Балаларды бұл өнерге Қазақстанның үздік қылқалам шеберлері баулиды. Лариса Инджуджян әлем бойынша 150-дей суретті көрсетіп жүр. Көрме Монако, Брюссель және Париж қалаларында өткен.
- Біз осындай шеберлік сағаттарын Парижде өткізіп, суреттерді сол жақтың науқастарына көрсеттік. Олар «Бәйтеректі» салса, қазақстандық балалар «Эйфель» мұнарасын салды. Бұл туындылар Париждегі ЮНЕСКО-да қойылды. Ал 12-13 желтоқсанда Женевадағы штаб-пәтерде өтеді, дейді жоба авторы Лариса Инджуджян.