«Артас Санаа Қазақстан азаматтығын алып, ислам дінін қабылдаған соң, есімін өзгерту туралы шешім қабылдаған. Енді Нұрислам Санаев Риодағы Олимпиада ойындарында еркін күрес бойынша 57 келі салмақта еліміздің намысын қорғайтын болады», - деп хабарланды Вконтакте желісінде Kazakhstan Wrestling Online.
Жаңартылған әлемдік рейтингте спортшының сегізінші орында тұрғанын атап өткен жөн.