"Меніңше, белгілі бір нәтиже болады, бірақ ол біраз уақытқа созылуы мүмкін. Менің пайымдауымша, нәтиже болғанымен, ол тым қысқа мерзімге созылады. Жүйе аясындағы ликвидтілік біртіндеп төмендейді",- деді Ә.Сәйденов. Ұлттық банк басшысының айтуынша, 2007-жылдың І тоқсанында банктердің сырттан алатын несиесінің мөлшері азайған жоқ. "Банктер сырттан несие алуға қатысты өз стратегияларын шамалы түзететіні анық, әрине, олар қарыз алу бағдарламаларын сол ауқымда сақтап қалғысы келсе, капитал көлемін ұлғайтады",- деді Ә.Сәйденов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі 2007-жылдың 1-наурызынан бастап коммерциялық банктердің шетелдерден несие алуына қосымша шектеу енгізуге шешім қабылдаған. Соған сәйкес ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі арнайы норматив қабылдады: капитал мөлшері резидент еместерден алатын несие көлеміне парапар болуға тиіс. Агенттік шешіміне сай банктер жеке капиталының көлемі мен алатын несиелерінің көлемін ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің жаңа талаптарына сәйкес арақатынасқа бір жыл ішінде жеткізуге тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті