Қазақстандық BEK AIR әуе компаниясы жеті Sukhoi Superjet 100 ұшағын сатып алады

   Құжатқа «Фарнборо-2014» халықаралық аэроғарыштық салон шеңберінде қол қойылды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. 

Келісімге сәйкес BEK AIR 2015 жылы 3 ұшаққа және 2016 жылы тағы 4 ұшаққа ие болады. SSJ-100 ұшағында 103 жолаушы орны болады деп жоспарлануда.

BEK AIR әуе компаниясы Қазақстанның ішкі 14 бағыты бойынша жылына 500 мыңға дейін жолаушы тасымалдайды.  Компания болашақта Қазақстан бойынша бағыттарын ұлғайтып, Ресейге, Азияға және Таяу Шығысқа бағыттарды ашуды көздеп отыр.  

Айта кетейік, «Гражданские самолеты Сухого» компаниясы азаматтық бағыттағы авиациялық техниканың жаңа түрлерін жасау үшін 2000 жылы құрылған.