Қазақстандық белгілі журналист дүниеден озды


"Бүгін таңғы уақытта қазақстандық белгілі журналист, өз ісінің маманы, жастар үшін мұғалім әрі үлгі болған Анатолий Степанович Гурский дүниеден озды. Ол кезінде "Казахстанская правда" газетінің президенті болды. Ашық адам, талантты басшы әрі мейірімді адам еді. Марқұмның отбасына, туыстарына және жақындарына көңіл айтамыз. Анатолий Степановичтің есімі мәңгілік есте қалады. Менің әкем Анатолий Степановичпен жұмыс істеген еді", - деді қаза тапқан журналистің әріптесінің қызы Юлия Жорова.