Қазақстандық бессайыс шеберлері Пекиндегі Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды

"Олимпиада ойындарына әлі бір жыл бар, ал бізде қазірдің өзінде Қытайға жолдама алдық. Бұл ертеңгі күнге сенімділік ұялатады. Енді біз Галямен еш нәрсеге алаңдамай және мақсатты түрде Олимпиадаға дайындаламыз", - деді тілшілерге берген сұхбатында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Лада Жиенбаланова. "Менің спорттағы өсу жолымда Пекиндегі ойындар екінші болмақ. Ал Долгушина Олимпиадаға алғаш рет барады", - деді сондай-ақ спортшы.

Азия мен Тынық мұхиты елдерінің чемпионатында барлығы бес олимпиадалық лицензия ойналды. Жекелей сайыста әлем Кубогының көптеген кезеңдерінің жеңімпазы Лада Жиенбаланова күміс медаль жеңіп алды. Оның командалас серігі Галина Долгушина алтыншы орын иеленді. Алтын және қола медальдарды Қытай спортшылары жеңіп алды. Төртінші және бесінші орындар да Қытай бессайыс шеберлерінің қоржынында кетті. Алайда, бір мемлекет екі олимпиада лицензиясынан артық алуға құқығы жоқтығына байланысты алтыншы орындағы

Г.Долгушина Пекиндегі Олимпиада ойындарына берілер жолдаманың иегері атанып шыға келді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті