Әлихан Қаранеев Қазақстан құрамасының мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2008 жылғы Әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпазы.
«Қазақстанның әлемдік бильярд қауымдастығындағы беделін асқақтатып отырған бұл жетістік қазақстандық спортшы үшін үлкен табыс», - делінген Қазақстанның Бильярд спорты федерациясының баспасөз хабарламасында.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарысқа 9 елден 153 спортшы қатысты, олардың арасында әлем және Еуропа чемпиондары болды.