Оны «Пирамида» бойынша халықаралық комитеттің қолдауымен Татарстанның бильярд спорты федерациясы ұйымдастырып отыр. 15 ақпанда жеребесі тартылатын жарысқа халықаралық дәрежедегі төреші Александр Кокунин бастаған қазылар алқасы төрелік жасайды. Оған Ресейден - 7, Қазақстан мен Украинадан үш-үштен, АҚШ, Армения, Белорус пен Қырғызстаннан бір-бірден спортшы шақырып отыр. Бұл бәсекеде ел намысын Әуез Елубаев, Ернар Шымбаев пен Қаныбек Сағындықовтар қорғамақ.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын құрап отыр. Онда ақтық сынның жеңімпазына - 11 500, финалшыға 8500, 3-4 орын алғандарға 6 мыңнан, ал 5-16 орын алғандарға 1500 доллардан қаржылай жүлде беріледі. Оған Ресейден - Сергей Горысловец, Никита Ливада, Павел Меховов, Евгений Сталев, Юрий Пащинский, Руслан Чинахов, Илья Киричков, Украинадан Александр Паламарь, Ярослав Тарновецкий, Ярослав Винокур, Беларустен - Евгений Курта, Қырғызстаннан Қаныбек Сағынбаев, Армениядан Арман Баклачян, АҚШ-тан Джонс Дитер қатыспақ.