Қаржы институты мамандарының 2017 жылдың 28 қыркүйегінде бір уақытта бірнеше IP-ден келген жалған сауалнамалар түріндегі Ddos хакерлік шабуылды тіркегені айтылады. Айтуларынша, бұл порталдың жұмысын бұғаттап тастайды.
"Сайтты және сіздердің шоттарыңызды кепілді түрде қорғау үшін банк мамандары хакерлердің әрекетін бейтараптандыру мақсатында барлық қажетті шараны қолданып жатыр. Осыған байланысты операциялар кеш жүргізіліп жатса немесе сайт уақытша істемей қалса, сіздерден кешірім сұраймыз. Біз Homebank жұмысын қалпына келтіру үшін барлығын жасап жатырмыз және осы жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын", - деді банктегілер.