Министрдің айтуынша, оның тапсырмасы бойынша қазақстандық бітімгершілер "өздерінің соғысу үшін емес, қолұшын беруге келгенін айғақтап" жергілікті тұрғындармен етене жақын қарым-қатынас орнатуда. М.Алтынбаевтың айтуынша, мұндай саясат өзіндік жемісін беріп те үлгерді. Мәселен, жегілікті тұрғындар отряд басшылығынан жәрдем сұрап келе бастаған . Олар бұрынғы шиеленістен қалған жарылғыш заттарды залалсыздандыруды сұрап қауіпті учаскелерді көрсететін көрінеді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстандық бітімгерші бөлімше Иракқа тамыз айының соңында келген. Инженерлік-саперлік отряд 5-қыркүйекте жұмысқа кірісті. Осы мерзімде Қазақстандық бітімгершілер 30 мыңнан астам жарылғыш затты залалсыздандырды.
Отряд Бағдад қаласынан солтүстік-шығысқа қарай Иран шекарасына таяу жердегі поляктарға қарасты аймақта орын тепкен. Қазақстандық бітімгершілік топтың басты мақсаты - жарылғыш заттар құрылған алаңдарды залалсыздандыру және ауыз су көздерін табу болып табылады.