Қазақстандық бизнес өкілдері Елбасының жанындағы кәсіпкерлер кеңесін қайта құруды ұсынады

Баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, "қазақстандық бизнес қоғамдастықтың пікірінше, осыдан бірнеше жыл бұрын құрылған Елбасының жанындағы кәсіпкерлер кеңесі алға қойған мақсаттарын орындап, елімізде кәсіпкерлік саланың аяғынан тұруына септігін тигізіп, осы саладағы кезек күттірмейтін мәселелерге баса назар аударды". "Бүгінде бұғанасы бекіп, тұрақты дамуға бет түзеген бизнес саласы Қазақстан экономикасы мен жалпы ұлттың бәсекелестік қабілетке қол жеткізуіне бағытталған міндеттерді шешу жауапкершілігін өзіне жүктеп алуға және мемлекет басшысы мен үкімет арасындағы қарым-қатынасты қазіргіден де конструктивті деңгейге көтеруге дайын".

Сондай-ақ, бүгін ашылатын сьезде Кәсіпкерлер форумының негізінде қазақстанның іскерлік әлемінің біртұтас ұлттық қоғамдық ұйымын құру туралы шешім қабылданады деп күтілуде. "Осындай ұйымның қажеттігі туралы кезінде Елбасы атап көрсеткен болатын", делінген баспасөз баянында. Сьезді ұйымдастырушылар комитетінің пікірінше, "кәсіпкерлер форумы жалпы кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін шешу жауапкершілігін жүктеп алуға, бизнес қоғамдастық тарапынан республиканы дамытудың айрықша маңызды әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын жүзеге асыруға, мемлекеттік басқарушы органдармен тең құқылы әрі жауапты диалог өрбітуге әзір екенін паш етті".
Баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, сьезде сонымен қатар форумды үйлестіру кеңесін құру туралы шешім қабылданып, ол Елбасының жанындағы іскерлік кеңесті құруға негіз болмақ.
Сьезге республиканың бизнес қоғамдастығының 300-ден астам өкілдері, соның ішінде ірі қазақстандық кәсіпкерлер, банк құрылымдары мен салалық кәсіпкерлер қауысдастығының жетекшілері, шағын және орта бизнес өкілдері қатысады. Баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, "сьезді ұйымдастыру және оған дайындық жұмыстарын осы жолы тұңғыш рет мемлекеттік басқару органдарының қатысуынсыз форум өз бетімен жүзеге асырды".