Қазақстандық боксшы «Башкай Мемориалы» турнирінде жеңіске жетті

Азат ақтық кездесуде Азия чемпионы қытайлық Йонг Чангты 14:9 есебімен ұтты.

Тағы бір жерлесіміз Мейірім Нұрсұлтанов финалда жарыс қожайыны, Еуропа чемпионы Балаш Башкайға 18:23 есебімен ұтылды.

Бұған дейін Рустам Рустамов (56 кг), Ерік Әлжанов (75 кг) пен Олжас Букаев (+91 кг) турнирдің қола жүлдесіне қол жеткізген болатын.

Еске сала кетейік, Венгриядағы халықаралық турнирге 19 елден 121 боксшы қатысқан еді.