Қазақстандық боксшы Г.Головкинмен жұдырықтасуға американдық Э.Родригес үмітті

(24-0, 21 КО) Madison Square Garden белді аренасына американдық Эдвин Родригеске қарсы шығады деп жоспарлауда. Бұл туралы boxing.ru-ға сілтеме жасап Vesti.kz хабарлады.

Дегенмен, жуырда ғана Г.Головкиннің қарсыласы суперорташа салмақтағы IBO чемпиондық титулының иегері, оңтүстікафрикандық Томас Вестхайзен (20-0-1, 13 КО) болуы мүмкіндігі туралы хабарланған болатын.

Егер де Г.Головкиннің қарсыласы Т.Вестхайзен немесе Э.Родригес болған жағдайда кездесу орташа және суперорташа салмақтық дәрежесінің келісілген салмағында өтетін болады.

Г.Головкиннің жекпе-жегін 19 қаңтар күні HBO телеарнасы көрсететін болады.