Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет Тайланд астанасы Бангкокта болып жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
75 келіге дейінгі салмақтағы 1/4 финалда Құлахмет өзбекстандық Исраил Мадримовпен жұдырықтасты. Қазақстандық төрешілердің бөлек шешімімен жеңді.
Айта кетейік, Өзбекстан боксшысы кәсіпқой рингте екі жекпе-жек өткізіп, "Құбыжық" лақап атын иеленіп үлгерген.
Осылайша, Құлахмет 2019 жылғы Азия чемпионатының жүлдесіне ілікті. Мұның алдында Закир Сафиулллин (60) де жартылай финалға өткен.
Кешкі сессияда (17:00) тағы екі боксшымыз жұдырықтсады.
69 келі. Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) - Бобо-Усмон Батуров (Өбекстан)
+91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) - Одай Альхивдави (Иордания)
Еске салайық, кеше 2019 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалына үш боксшымыз жолдама алды : Теміртас Жүсүпов (49), Санатәлі Төлтаев (64) және Бек Нұрмағанбет (81). Ал Қайрат Ералиев (56) 1/4 финалда жеңілді.