Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев американдық Карлос Санчесті нокаутқа жіберді

Бұл туралы  GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланды.

Жекпе-жек Калифорнияда кубалық Майкл Перес пен американдық Дарнелл Уилсонның алдындағы жекпе-жекке орайластырылған бокс кешінің аясында өтті. Руслан бірінші раундта-ақ  қарсыласын есінен тандырды.

Жас әрі болашағынан үміт күттіретін қазақстандық спортшы үшін бұл айқас кәсіби бокстағы үшінші кездесуі.

Естеріңізге сала кетейік, Руслан Абель Санчестің қарамағында ақпанның 21-і күні Монакода Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жегін өткізетін Геннадий Головкинмен бірге жаттығып жүр.