Қазақстандық боксшы жоғары мемлекеттік наградаға ұсынылды


«Біржан Жақыпов қазақстандық спорттың мақтанышы. Ол үш мәрте Олимпиада ойындарына қатысып, барлығында ширек финалға дейін жетті. Көптеген спорттық шаралардың жеңімпазы, олардың қатарында Әлем чемпионаты да бар. Сондай-ақ, Біржан түрлі халықаралық және құрлықаралық жарыстарда құрмет тұғырына көтерілді. Мансабын аяқтағаннан кейін де Жақыпов әскери спорт пен салауатты өмір салтын насихаттап, көптеген жас атлеттерге үлгі болып келеді», - деді Мейірманов.