Қазақстандық боксшылар Астанада өтетін турнирде 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына 4 жолдама ұтып алмақшы

«4 салмақ категориясындағы боксшылар қатысады. Лицензияны алуға тырысамыз. Бапкерлер штабы ол боксшыларды анықтайды. Чемпинатқа бүкіл Азиядан боксшылар келеді», - деді Б. Әбдрахманов бейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

«Жолдаманы финалға шыққандар мен кейбір салмақ категорияларында жартылай финал жеңімпаздары алады», - деді ол.

Оның айтуынша, Астанада барлығы 25 лицензия беріледі.

Астанадағы іріктеу ойындары 2012 жылы 30 наурыз бен 8 сәуір аралығында өтеді. Бұрын хабарланғандай, қазақстандық боксшылардың активінде мүмкін боларлық 10-ның 6 олимпиадалық жолдамасы бар. Оларды Қанат Әбутәліпов, (54 кг), Ғани Жайлауов (60 кг), Серик Сәпиев (69 кг), Данабек Сужанов (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг) және Иван Дычко (91 кг-нан астам) ұтып алды.