бәрінде де мерейлері үстем болды. Атап айтқанда, Теміртас Жүсіпов қырғызстандық Турат Осмоновты (49 кг), Мерей Ақшалов кувейттік Али Музафарды (64 кг), Данияр Елеусінов ирактық Виссам Жабарды (69 кг), Жәнібек Әлімханұлы өзбекстандық Шухрат Абдуллаевты (75 кг) қапы қалдырды. Бүгін Қайрат Ералиев филиппиндік Марио Фернандеспен (56 кг), Берік Әбдірахманов ирактық Ганим Амимен (60 кг), Әділбек Ниязымбетов иорданиялық Жихад Абу аль Хирмен (81 кг), Иван Дычко үндістандық Сатиш Кумармен (+91 кг) күш сынасады.
2011 жылы Кореяның Инчхон қаласында өткен соңғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен екінші орын алған болатын. 1 күмісі артық қытайлықтар бірінші, 1 күмісі кем жарыс қожайындары үздік үштікті түйіндеген еді. Онда қазақстандықтардан Айдар Әмірзақов (60 кг) пен Досжан Оспанов (+91 кг) Азия чемпионы, ал Рүстем Сваев (69 кг) - күміс, Арман Рысбек (81 кг) қола жүлдегер атанған болатын.