Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында командаға 11 медаль сыйлады

Бұл туралы Қазақстандық бокс федерациясы хабарлады.

Соңғы ширек финал күні Гейдар Әлиев жастар кубогының күміс жүлдегері  ең жас қатысушылардың бірі 15 жастағы Айбек Досанов (46 келі) Таиландтан келген қарсыласын жеңді.

50 келіге дейінгі санатта өнер көрсеткен Оңтүстік Қазақстан тумасы Дәулет Нысанды сарапшылар қазақстандық жастар іщіндегі үздік боксшы деп атады. Ширек финалда бойы ұзын Иран чемпионы  қанша қарсыласып бақса да Дәулет қуатты соққыларымен оған еш мүмкіндік қалдырмады.

Жартылай финалға соңғы болып 16 жастағы Абылай Ыбыраимов шықты. 60 келіге дейінгі санатта ол Иорданиядан келген спортшыға қарсы айқаста барлық раундты өз пайдасына шешті. Келесіде түркімен боксшысымен бақ сынасады.

Досанов, Нысан, Ыбыраимовтан басқа Азия чемпионатында медаль үшін Рахат Сейітжанов (48 келі), Санатәлі Толтаев (54 келі), Айбол Жаңбырбай (63 келі), Алдияр Тұрсынәлі (66 келі), Дәулет Заушев (70 келі), Елхан Табынбаев (75), Хуршедшох Искандаров (80 келі) және Нұрдәулет Ұланұлы (+80 келі) күресті жалғастыруда.