Қазақстандық боксшылар Баку қаласындағы әлем чемпионатында 9 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді

«23 қырқүйекте ҚР ұлттық құрама командасының мүшелері (ҰҚК) Бакуға ұшады, онда олар 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына жолдамалардың негізгі кешені сарапқа салынатын бокстан әлем чемпионатына қатысады», - делінген бейсенбі күні таратылған ақпаратта.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, әлем чемпионатына қатысу үшін команданың құрамы бокстан ҚР ҰҚК жаттықтырушылар кеңесінің шешімімен анықталды.

Қазақстандық спортшылар тоғыз салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді: 49 кг - Біржан Жақыпов (ОҚО), 52 кг - Олжас Сәттібаев (Тараз), 60 кг - Ғани Жайлауов (Тараз), 64 кг - Данияр Елеусінов (Астана), 69 кг - Серік Сәпиев (Қарағанды), 75 кг - Данабек Сужанов (ШҚО), 81 кг - Әділбек Ниязымбетов (Ақтау), 91 кг-Василий Левит (Астана), + 91 кг - Иван Дычко (Қостанай).

«Спортшыларымыздың 10 салмақ дәрежесінің 9-ына қатысуы Қанат Әбутәліповтың (56 кг) биыл мамырда Гуянг қаласында (Қытай) Дүниежүзілік бокс сериясының жеке біріншілігінің чемпионы атанып, Олимпиада ойындарына жолдама алғанына байланысты.

ҚР ҰҚК бас жаттықтырушысы - М. Айтжанов.