Қазақстандық боксшылар Бакудегі әлем чемпионатында тағы төрт жеңіске ие болды

Жексенбі күні Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов, Серік Сапиев және Иван Дычко жеңіске жетті. Дегенмен жеңіліс те болмай қалған жоқ, Олжас Сәттібаев одан әрі жекпе-жектерге қатысудан шығып қалды.

Данияр жапондық Маатсугу Кавачиді 4:14 есебімен, Әділбек кореялық Ким Хионкьюді 14:9 есебімен, Серік Сапиев тайландтық Апичет Сеанситті, Иван Дычко Милутин Станковичті 14:2 есебімен ұтты.

Өкінішке орай біздің спортшымыз Олжас Сәттібаев марокколық Абдельфаттах Нафильге 17:18 есебімен есе жіберді.

Бүгін шаршы алаңда біздің боксшыларымыз Василий Левит Джозеф Вильямспен (АҚШ), Ғани Жайлауов Артем Рамлавспен (Латвия), Данабек Сужанов Артем Маслиймен (Израиль) қолғап түйістіреді.