Индонезияда бокстан ел Президентінің кубогы үшін өткен халықаралық турнирге үш қазақстандық спортшы - бокстан облыстық құрама командалардың өкілдері қатысты. Олар - Қанат Тұрғанбаев (52 келі), Елдос Сайдалин (60 келі), Думан Сүлейменов (64 келі). Қазақстандықтар алыс Джакартадан екі медаль қанжығалап қайтты. Қанат Тұрғанбаев - күміс, Елдос Сайдалин қола медаль жеңіп алды. Турнирге әлемнің 28 елінен спортшылар қатысты.