Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 4 алтын медаль олжалады

Атап айтқанда, 56 келіде ел намысын қорғаған Сұлтан Зауырбек чемпион атанды. 60 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген Абылайхан Жүсіповке де тең келер ешкім болмады. Сондай-ақ 64 келіде Аян Қалибековтің, 81 келіде Вадим Казаковтың мерейі үстем болды. Ал 91 келіден жоғары салмақ санатында жұдырықтасқан Елдос Қадырбаев финалдық кездесуде Ұлыбритания боксшысына есе жіберді.

Айта кетейік, аталған байрақты бәсекеде Қазақстан боксшылары 10 салмақ санатының алтауында өнер көрсеткен болатын. Турнирге әлемнің 20 елінен 140 былғары қолғап шебері қатысты.