Қазақстандық боксшылар WBA рейтингінде өз орындарын сақтап қалды


Дәрежеге қатысты жаңа кестеде қазақстандық боксшылар өздерінің бұрынғы орнынан төмендемеді.

Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақ рейтингінде (90,7 келіге дейін) бірінші болып тұр, Қанат Ислам бірінші орта категорияда (69,8 келіге дейін) бесінші орында қалды, ал Жанат Жақиянов ең жеңіл салмақта (53,4 келіге дейін) көшбасшы атағын сақтап қалды.