Қазақстандық боксшылардың менеджері ақша жымқырды деп айыпталуда


Қаржылық қылмыста басты күдікті – 49 жастағы кәсіпкер Дмитрий Клюев. БАҚ өкілдері оны Ресейдің бюджетінен ақша жымқырды деп айыптап жатыр.

Бұл іске қатысты тағы бір адамның есімі аталды. Бұл – қазақстандық боксшылар Батыр Жүкембаев және Абылайхан Құсайыновпен жұмыс істейтін Анна Рева. Аннадан бөлек, оның анасы Клара да осы іске байланысты екен. Клара Қазақстанда тұрып жатқанда Монреальдан 410 мың долларға үй сатып алған.