«10 қыркүйекте таңертең Новосібір полициясына Немирович-Данченко көшесі бойынша 1-ші үйде ер адамның мүрдесі табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен "Ленинский" №7 полиция қызметкерлері аталмыш мекенжайдан 1977 жылы туған ер адамның мүрдесін тапты, ол өз-өзіне қол салған болуы мүмкін», - деді Агенттікке сұхбат беруші.
БАҚ деректеріне сәйкес Петр Девяткин өлер алдында жазба қалдырған.
Соңғы уақытта Девяткин Сахалинде балалар бапкері болып еңбек еткен. Оның артында әйелі мен жас баласы қалды. "Спартак" пен "Динамодан" басқа, Девяткин "Нефтехимик", "Салауат Юлаев" және "Амур" клубтарында ойнады.