Қазақстандық діни қызметкерлердің компьютерден сауатты болу керек пе?


Кодексте көзделген нормаларға орай діни қызметкерлердің коммуникация мен байланыстың заманауи құралдарын меңгеруі, компьютерден сауатының болуы, интернетті білуі және шешендік өнерді игеруі, адамдармен сөйлесе алуы көзделген, делінген діни басқарма сайтында берілген хабарламада.
Имамдар мешітке келгендермен сыпайы сөйлесіп, олардың өтініштерін орындау үшін бар шараларды қабылдауға тиіс. Жұмыс уақытын дұрыс бөліп, кәсібиліктерін арттыруы шарт.
Кодексте көрсетілгендей, олар шариғатпен қатар зайырлы білім алуға тиіс.
Діни қызметкерлер жанұяда исламдық рухта тәрбиелеу, мұсылмандықты сақтау, көршілермен жақсы қарым-қатынас орнату, туысқандарға көмек беруге ерекше мән бөлуге тиіс.
Сонымен қатар олар ұжымда жақсы достық қарым- қатынас орнатуы қажет, әрі қайырымды істердің бастамашысы болуы шарт.