Қазақстандық дипломаттар Ұлыбритания, Германия, Францияның құрама елшіліктерінен басым түсіп футбол турнирі кубогын жеңіп алды

Бұл туралы сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Турнирге Қазақстан СІМ, дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету басқармасы, Әзербайжан елшілігі командалары, Грузия мен Украинаның, Қытай елшілігінің, АҚШ елшілігінің, Ұлыбритания, Германия, Франция елшіліктерінің құрама командалары қатысты.

Қатысушы командалар дипломатиялық хаттама мен әдепті артқа ысырып тастап, жарысқа бел шеше кірісті. Әзербайжан елшілігінің командасы тамаша ойнап, үшінші орынды иеленді.

Ақтық додада бас жүлдеге Қазақстан СІМ командасы, Ұлыбритания, Германия, Франция құрама командалары таласты. Нәтижесінде қазақстандық дипломаттар 1:0 есебімен кубокты жеңіп алды.