СІМ мен Астанадағы Украина елшілігінен көмек сұрап отыр. Черниговодан шығабере белгісіз біреулердің жүк көліктерін тартып алғанын хабарлаған олар арнайы органдарды осы мәселеге араласуға шақырды.
"Біз Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Украинаның Қазақстандағы елшілігіне хат жазып, осы мәселеде қолұшын беруді өтіндік. Хаттарды бүгін жөнелтеміз", - деп дүйсенбі күні компания директоры Марат Сиразетдинов хабарлады.
Оның ойынша, аталған жағдайда қазақстандық компанияның заңды мүддесі аяқ-асты болып отыр. "Шын мәнінде, олар көліктерді болмашы нәрсені сылтауратып тартып алды", - дейді компания басшысы.
Қазақстан жағы жүк көліктерінің толық құнын төлемеген.